Ақтауда 7 жасар балаға оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған (видео)

Желіде 7 жасар балаға оқ атылған сәттің видеосы пайда болды.

Ақтауда 7 жасар балаға оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған (видео)

Бұл туралы Lada.kz. басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видео кадрларынан баланың аяғына оқ тигені көрінеді. Баланың анасының айтуынша, оқ кездейсоқ тиген жоқ, керісінше көздеп атылған.

Әйелдің сөзінше, бала ашық жерде ойнап жүрген. Сондықтан ер адамның оқ атуына  ешқандай кедергі болмаған. Сонымен қатар ол адамның терезеден оқ атуға құқығы жоқ екенін айтты.

Басылымда аталғандай, бүгін, 7 мамырда, зардап шеккен баланың анасы, полиция қызметкерлері оқиға орнында болып қайтқан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтау тұрғыны белгісіз ер адамның аулада ойнап жүрген баласына оқ атқанын айтқан еді. Айтуынша, ер  адам пневтматикалық винтовкадан оқ атқан. Маңғыстау облысы бойынша ІІД мәліметінше, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда әйелдер сырғанауға арналған алаң үшін шу шығарып, жасөспірімді ұрып тастады (видео)

ҚТЖ пойыз астына түсіп өлмек болған әйелдің оқиғасының мән-жайын айтты

Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер толық дайындықтарын көрсетті (видео)

Президенттің телерадио кешені Қазақстан әскерінің қуаттылығын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар