Ақтауда 69 жастағы ер адам 9 жасар қызды азғырып, хат жазған
Ақтауда кәмелетке толмаған қызды жыныстық мәнде азғырған 69 жастағы мектеп автобусының жүргізушісі жауапқа тартылды.

Бұл туралы Tumba.kz хабарлайды.
Кәмелетке толмаған қыз балаға күш қолданбай азғыру әрекетін жасамақ болған Аманғали Бекболаевқа сот үкімі шығып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқиға Шетпе ауылында болған. Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алыпты. Мектеп көлігінің жүргізушісі тоғыз жастағы қызға бірнеше рет хабарлама жазған: “Қатты сағындым, 15:00 де мектептің алдында күт, алып кетемін” деп жазыпты ол.
Ол тіпті қызға тәттілер сыйлап, тізесіне де отырғызатын болған. Ал мұғалімдер болса мекемеде 5 жылдан астам уақыт істеп келе жатқан ер адамнан еш күдіктенбепті.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде