Ақтауда 13 жастағы оқушы қыз туған күн кешінен соң із-түссіз жоғалып кетті
Ақтау қаласының қылмыстық полиция бөлімі із-түссіз жоғалған 13 жастағы Айзада Жаңабаеваны іздестіріп жатыр.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айзада 18 шілде күні үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Оның бойы 165-170 см, орта денелі, сарғыш шашты. Соңғы рет үстінде шақпақ қызыл-қара жейдесі мен қара түсті джинсы шалбары, басында қара кепкасы болған.
Айзаданың туыстары оның ата-анасымен Ералиев ауылында тұратынын, қалаға құрбысының туған күнінен келгенін айтады. Туған күн кешінен соң ол бәрімен қоштасып үйіне қайтатытын айтқан. Алайда, үйіне қайтып оралмаған.

Айзаданың жақындары мен полицейлер ол туралы қандай да бір ақпарат білген жандар болса, 7292 – 47-48-27, 47-48-28, 47-48-10, 47-48-25, 8(7292) 47-48-02 , 8778-666-27-72 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған