Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау жұрты өздерінің бейәдеп сөздерімен Шымкентті шаң қаптырды

Ақтау қаласы ең көп бейпіл сөздер айтатын қалалардың көшін бастады. Бұл тізімге енген бестікке Шымкент кірмей қалған. Көпшілік бұған таңданыспен қарауда.

Ақтау жұрты өздерінің бейәдеп сөздерімен Шымкентті шаң қаптырды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Боқтау» десе енді  Ақтауды еске түсіретін болдық. Әдетте мән беріле бермейтін мұндай ерекше зерттеуді елордалық маркетинг агенттігі жүргізген екен. Бұл сауалнамаға еліміздің 20 қаласы енгізілген. Оған қатысқан 18 бен 60 жас аралығындағы екі жарым мың респонденттің сауалнамасына сәйкес, тұрғындары ең көп бейпіл сөздері айтатын қалалардың көшін  Ақтау бастайды екен. Екінші орында  Павлодарлықтар тұр. Келесі кезекте  Атырау. Төртінші орыннан  Түркістан қаласы көрінсе, бестікте  Теміртау қаласы.

Осылайша, Ақтау жұрты өздерінің боқтық сөздерімен Шымкентті шаң қаптырған. Оңтүстікте тұратындар алтыншы орынға бір-ақ ысырылған. Бұған зерттеу жүргізгендердің өзі таңданасын жасырмайды. Бір қызығы, Ақтауға жақын батыстағы

Орал жұрты ең сыпайы тұрғындар сапына кіріп отыр. Ал Астана тұрғындары 14-ші, алмытылықтар 17-ші орыннан көрінген.   Ал біз жүргізген сауалнама қорытындысы мынадай болып шықты.

Дегенмен, жоғырыдағы зерттеуге қарап, қатаң қағида қалыптастырудан аулақпыз. Өңірлердің өзіне тән ерекшеліктері барын ескерсек, бейәдеп сөздерімен белгілі бір қалыптан шығып кетіп жататын тұрғындар қай жерде де кездеседі.

Әдептілікке жатпайтын дөрекіліктерге етіміз үйренгені соншалық, мұндайға құрмет көрсетіп, қол шапалақтайтын халге жеттік. Сұраныстың  барынан болар, сахнада жүргендердің өзі құлаққа түрпідей тиетін ауыр сөздерді ұялмай айтады.

«Мынау атаңа нәлет, ей, мынау, алқаш…» тектес мағынадағы сөздерді әлеуметтік желілерден де оңай кездестіреміз. Сондай авторлардың бірі  белгілі блогер Алмас Алтай. Тележүргізушінің айтуынша, қазіргі қоғамда осындай тіркестерді қолданып, ойыңды тура жеткізуде осы тәсіл оңайырақ. Ал оны өзгерткеннен пайда жоқ, деп санайды. Яғни, әркім өз керегін алады.

«Өзімнің сезімімді тұздықтай түсу үшін айтам көбіне. Орысша жазылуынша әдемілеп жазбаймын. Оны қазақтың тіліне салып, қотарып жаза беремін де. Бірақ, сол менің жазғанымнан, менен кейінгі жастар бұзылып кетеді деп айта алмаймын» – дейді тележүргізуші Алмас Алтай.

Ал психологтардың пайымынша, бұл күні отандастарымыздың 90 пайызы бейәдеп сөздерді қолданады. Оның бір себебі, жеке бастағы проблемалардың шешілмеуінен. Әрі адамның қоршаған ортасына да байланысты. Боқтық сөз жиі айтылса, алдағы өмірімізге кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ал бір-екі рет  ашу-ызадан айтылған сөздің кейде пайдасы да бар көрінеді.

«Кейбір адамдар агрессия шығару үшін айтып қалып жатады. Ал егерде ол үнемі қайталанып жатса, ол қалыптасқан ортасы мен дағдысы болып келеді. Бірақ, жақсы сөз жарым ырыс деп айтылады ғой. Бірақ, кейде тым қатты проблемалар болып кеткенде, жақсы сөзге ауыз бармай қалып жатады» – дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Қазақтың бейпіл сөздері жайында еңбек жазған ғалым  Ақселеу Сейдімбек балағат сөздердің өзі этникалық мәдениеттің айғағы деп көрсетеді. Тіпті оны қазақтың эротикалық фальклорымен байланыстырып кеткен. Бірақ, бұл санатқа заманауи былапыт сөздердің кірмесі анық. Қалай десек те, әдептілік сақталмаған жерде, қоғамдық тәртіп бұзылады. Ал ондайды заңмен әшкерелегендерге айыппұл салынатындығын естен шығармағанымыз абзал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау