Ақтау тұрғыны 40 жасында өзінің сыңарын тапқан (фото)

Жексенбі, 21 Ақпан , 2016 15:59

Ақтауда бала күнінде Белорусьтің балалар үйінде бір-бірінен ажырап қалған егіздің сыңары тұрады. Ирина Пнева (бала күнгі тегі Кузичкина) 40 жыл бойы өзіңін сыңары барын білмеген. Оны тек өкіл ата-анасы қайтыс болған соң ғана естіген.

1455866716_tatyana-irina
Бұл туралы Лада.kz хабарлайды.
Ирина Кузичкина отбасында жалғыз бала болған. Сондықтан болар оны ата-анасы бар мейіріміне бөлеп, қамқор болып, еркелетіп өсірген. Ирина олардың туған ата-анасы еместігін ешқашан ойлап көрген емес. Оның үстіне оны көргендер әкесінен айнымай қалған деп жататын. Бет әлпетінің әкесіне ұқсайтынын қыздың өзі де байқаған.
1455866424_1
1999 жылы Иринаның ата-анасы өмірден озған. Олар қайтыс болған соң, ол өзінің асырап алғанынан хабардар болған. Иринаға бұл жайт бәрі оңайға соқпаған.
1455866531_2
Егіз Ирина мен Татьяна 1965 жылы 26 наурызда 7 айлығында Белорусьте өмірге келген. Анасы олардан перзентханада босана салысымен бас тартқан. Үлкені Таняны өкіл ата-анасы 9 айдан кейін алып кеткен. Ал, Ирина біраз уақыт бойы балалар үйінде тәрбиеленіп, біраз қиындықтарды көрген.
1455866646_irina-16-let-1981g
“Балалар үйінің бірі өртеніп кетті. Сосын бізді екіншісіне ауыстырды. Татьянаның ата-анасы мені де қолына алғысы келген екен. Бірақ, мен өте нәзік, аурушаң болыппын. Мүмкін денсаулығыма байланысты, әлде басқа себептерге бола ма, әйтеуір мені бірнеше рет ала алмай кетіпті. Бірақ, ол кезде де қазіргідей егіздерді бөлуге рұқсат етілмеген екен”, – дейді Ирина.
1455866712_tatyana-123
Иринаны 1967 жылы Столбц қаласына асырап алған. Кейіннен ата-анасымен бірге Қазақстанның Шевченко қаласына көшіп кеткен.
1455866731_3
Бар құпияны Татьянаның анасы өмірден өтер алдында қызына айтып берген. Таня сыңарының барын естіген соң, оны іздей бастаған.
1455866784_tatyana-124
“Татьяна 1965 жылы сол баяғы балалар үйінде жұмыс істеген дәрігерді тапқан. Бізді асырап алған ата-анамыз туған анамыз берген есімімізді, туған жылдарымызды өзгертпеген екен. Сол арқылы Столбцы қаласынан біздің Қазақстанға көшіп кеткенімізді анықтаған. Сөйтіп, мені ғаламтор арқылы тауып алып, барлығын жазып айтып берді”, – деп еске алады Ирина.
1455866804_irina-1-maya-1991g
Қазір Ирина мен Татьяна бір бірімен жақын араласып тұрады. Олар өздерін өмірде жолы болған жандар деп санайды. Өйткені, екеуін де жақсы ата-аналар асырап алған. Екеуі де №8 мектепте оқыған. Бірақ, бірі Борисовта, екіншісі Ақтауда. Екеуінің де  оң қолының алақанында меңі бар. Екеуі де музыкамен әуестенген. 1996 жылы Татьяна қатты ауырған екен. Өйткені, сол кездері Ирина ауыр халде босаныпты. Олар осылайша бір бірінің жағдайын алыста жүріп сезе алған.
1455866854_irina-tatyana
Егіздер тіпті бірдей сөйлейтін көрінеді. Екеуі де табиғатынан ашық жарқын мінезді. Тек көзінің түстері әр түрлі. Үлкеніні бойы сәл биіктеу, қалған жағынан екеуі ұқсас. 2012  жылы егіз қыздар алғаш рет Белорусьте кездескен. Ирина өзі дүниеге келген, асырап алған, ең алғаш қадам басқан жерлерін көріп қайтқан.
1455866911_tatyana-i-irina
“Мен ол жақта болған кездерімді ұмытып қалыппын. Бірақ, әйтеуір ата-анаммен алғаш тұрған жерді есіме түсірдім. Татьянаның көршісімен таныстым. Ол балалар үйінде жұмыс істеген. Мені көзіме қарап таныды. Бала кезімізде маған қарайлап жүрген екен”, – дейді Ирина Пнева.
1455866922_tatyana-irina-i-doch
Егіздер өзінің туған анасын да іздеп көріпті. Алайда анасы қыздармен кездесуден бас тартқан. Бірақ олар анасының бір кездері кездесуге келісетінінен үмітті.
“Біз үлкен адамдармыз. Өткенді қозғап, оны кінәлайтындай жаста емеспіз. Қайта бізді өмірге әкелгеніне алғыс айтамыз. Ол біздің көзімізге қарауға ұялатын шығар. Оның үстіне оның қызы мен күйеуі бұл жайдан бейхабар екен. Біз жақында сіңліміздің қызымен осы жайлы сөйлестік. ол да бастапқыда сенген жоқ. Бірақ туыстары мұның растығын айтқан. Біз өз тегімізді білу үшін анамызбен кездескіміз келеді. Ешкімнен кек алу ойымызда жоқ. Тек қана өз ата-тегімізді сұрастырып, білсек дейміз”, – дейді Ирина Пнева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар