Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындары биылғы Жаңа жылдық безендіруге 49 миллион теңге жұмсалғанына сенбейді (видео)

Ғаламторда Ақтау қаласының биылғы Жаңа жылдық безендіруін түсірген видео пайда болды. Онда 49 миллион теңге жұмсалған безендірудің былтырғы 18 миллион теңге жұмсалған безендіруден айырмашылығы жоқ екенін айтады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«2015 жылды қарсы алу кезінде билік өкілдері безендіруге 18 миллион теңге жұмсаған еді. Халыққа, елге деген ешқандай құрмет жоқ. Не көз тартарлық көркемдік жоқ. Әйтеуір, безендірген аты ғана. Ал, биыл жаңа жылдық безендіруге былтырғыдай емес 49 миллион теңге бөлініпті. Бірақ, биылғы безендіру былтырғыдан да сорақы. Талдарға жанатын жылтырлар іліп қойған. Олар халықтың жағдайын емес, өз құлқын ғана ойлайды», – делінген видеода.

Айта кетейік, Алматы қаласының жаңа жылдық безендіруіне де 50 миллион теңге жұмсалған болатын.

Талқылау