Ақтау дәрігерлері Жаңа жыл түнінде жүкті әйелді құтқарып қалды
Жаңа жыл түнінде Маңғыстау облысы перинаталды орталығында 9 сәби дүниеге келді: олардың алтауы ұл және үшеуі қыз.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Жаңа жылдық сауық кешінде толғағы ұстаған жүкті әйел жылтыраған көйлегімен бірге дереу ота үстеліне жатқызылды. Дәрігерлер дер кезінде ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды.
“Таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін 9 сәби дүние есігін ашты. Ең алғашқы нәресте – қыз бала, 02:35-те 3 келі, 470 грамм салмақпен туды. Бұл түні дүниеге келген ең үлкен бала 4 келі, 50 грамм болды, ең кішісі – 2 келі, 600 грамм. Барлығы 3 қыз және алты ұл. Бір жүкті әйел сауық кешінен бір-ақ келді. Оны тексерген дәрігерлер дереу кесір тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Отаның көмегімен ананың да, баланың да өмірін сақтап қалдық”, – деді Маңғыстау облысы перинаталды орталығының директоры Жамал Жаманбаева.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді