Ақтау-Атырау тас жолында қорапшадан өлі сәби табылды
Өлі нәресте Ақтау-Атырау тас жолының бойында орналасқан Сарғы ауылынан 900 метр қашықтықтан табылған.
Бұл туралы Тумба.кз хабарлайды.
БАҚ құралдарының мәлімдеуінше, өлі нәрестені тауып алған ер адам аудандық полиция бөлімшесіне 17 қаңтар күні хабарласқан. Ол, сол күні сағат кешкі 17.00 шамасында Республикалық маңызы бар Ақтау-Атырау тас жолы бойынан қорапшаға салынып тастап кеткен сәбиді тауып алғанын айтады. Баланың денесі мәйітханаға жіберілген.
“Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Полицейлер оның анасын да тауып үлгеріпті. 1978 жылғы әйел қызын өлі күйінде туғанын айтқан. Қазіргі таңда тергеушілер іс бойынша зерттеу жүргізіп жатыр”, – дейді басылым.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
