Ақсуда өзін-өзі өртеген ер адамның әйелі де қайтыс болды
Павлодар облысында өзін өзі өртеген ер адамның әйелі есін жимастан қаза болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақсу қаласының ауруханасында 1974 жылы туылған әйел қайтыс болды.
«4 сәуірде сағат 13:30-да әйелдің өлімі тіркелді», - деп хабарлады Ақсу қаласының ауруханасы.
Хабарламаға сәйкес, жәбірленушінің дененің 60-70 пайызы күйіп қалды.
Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында үш адам жатыр. Біреуі жансақтау бөлімінде.
Қайғылы күні отбасы туған күн атап өткен. Зардап шегушілердің айтуы бойынша, бәрі аз ғана уақыт ішінде өтті. Қонақтар дастархан басында отырған отағасы көшеге шығып кетеді. Кейін қайта оралып, өз денесіне бензип құйып өртеп жібереді. Зардап шеккендер арасында марқұмның екі немересі мен немере қызы бар. Екеуі жаңадан бір жасқа толған.
Қайғылы оқиға 3 сәуірде болды. 13 адам зардап шекті. Оның бесеуі 17 жасқа толмаған балалар. Ер адамның өзі үй ішінде өртеніп көз жұмды.