АҚШ-та Гүлнар Кәрімоваға алаяқтық жасады деген айып тағылды

Нью-Йорк штатының прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімоваға және «Өзбекстан-МТС» компаниясының басшысы Бехзод Ахмедовқа айып тақты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ-та Гүлнар Кәрімоваға алаяқтық жасады деген айып тағылды

Нью-Йорк штатының прокуратурасы жариялаған құжатта, биліктің Ахмедов пен Кәрімоваға заңсыз схемаға қатысы бар деген айып тағып отырғаны жазылған. Осы алаяқтықтың көмегімен Кәрімова 865 млн АҚШ долларын алмақшы болған екен.

Естеріңізге сала кетсек, МТС компаниясы Әділет министрлігімен және АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясымен келісімшарт жасасқан болатын. Және бұл іс бойынша  850 млн АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Ал басы даудан арылмайтын Кәрімова қазір Өзбекстандағы жалпы тәртіптегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр