Ақша үшін: Ата-аналар балаларын есікке басын соғуға мәжбүрледі (видео)
Желіде get that money challenge (бұл ақшаны ал) аталатын жаңа челлендж тарады. Оның шарты бойынша, қатысушылар балаларға қалаған затын сатып алып беруге уәде етеді. Тек ол үшін бала жоғарыдан құлаған банк картасын ұстап қалуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай роликтердің бірін Twitter желісінде Kevin есіміді қолданушы жариялады. Ол ұлын есікке қарсы тұрғызып, жоғарыдан құлаған банк картасын ұстап қалу үшін, басын есікке соғуға мәжбүрледі. Алайда бұл баланың қолынан келмеді. Сол кезде жанында тұрғандардың бәрі қатты күліп жіберді.
Couldn’t do to the “get that money challenge” because she didn’t believe I had any 😂 had to switch it up a bit. pic.twitter.com/zWcmn5JJiY
— Twinkle Toes (@K8lynestiles) May 28, 2019
Кей балалардың түріне қарағанда, олар жақындарының өзін күлкі еткеніне ренжіп қалған сияқты.
Get that money challenge. Gotta catch that card and he can buy what ever he wants pic.twitter.com/mcH0xYhGti
— Kevin (@KGirouex) May 27, 2019
Челленджге қатысушылардың бірі басын қатты соққаны сонша, маңдайын ұстап тұрып қалды.
get that money challenge 🤑🤑 maybe next time @addieschade05 HAHAHA pic.twitter.com/7SMFY1CAtm
— hannah ♡ (@SchadeHannah25) May 27, 2019
Желі қолданушыларының арасында видоеға қатысты жағымсыз пікір білдіргендер бар.
«Мені шымшып алып, бұл әлемнің біртүрлі түс екенін айтыңыздаршы», «Мұнда қандай да бір сабақ бар ма әлде өзінің ақымақтығын көрсету ме?» - деп жазды пікір қалдырушылар.