Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ыдыс жуушы бас аспазды атып, бірнеше адамды тұтқынға алды

АҚШ-та Оңтүстік Каролинаның Чарльстон қаласындағы мейрамханалардың бірінде ыдыс жуушы бір адамды өлтіріп, бірнешеуін тұтқынға алды.

330961a24bd1977312f0a20a74e2d602_L

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Полицейлер қаскөйді жаралап қолға түсірген. Оқиға 24 тамызда болған. Ыдыс жуушы бас аспазды мерт қылып, мейрамханада болған бірнеше адамды 3 сағат бойы кепілде ұстаған. Әзірге оның есімі жарияланған жоқ. Сонымен қатар қанша адамның тұтқында болғаны да белгісіз.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, алжапқыш тағынған ер адам ас үйден шығып, өзін «Чарльстонның жаңа патшасымын» депті. Қала билігі атыстың лаңкестік әрекет еместігін мәлімдеді. Ыдыс жуушы басшысына наразылығын осылайша білдірмек болыпты. Қала мэрі қылмыскердің психикалық ауытқулары бар екенін де жоққа шығармады. Оның сөзін мейрамхана иелерінің бірі де растады. Жұмыстан шеттетілген ыдыс жуушы өш алу мақсатында бас аспазды атып тастаған. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

“Бүгін біз халықтан қайтыс болған адамның отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Өздеріңіз білетіндей, наразы қызметкер бұрынғы жұмыс орнына келіп сұмдық қылмысқа барған. Онымен қоймай бірнеше адамды қамауда ұстаған”, – дейді Чарльстон қаласының мэрі Джон Текленберг.

Оқи отырыңыз:

Британияда ең сексуалды қылмыскер әйел пайда болды

Үй төбесінен бал тамғанын байқаған жұп ол жерден ара ұясын тауып алды

Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)

Мадридте бір топ жігіт хиджаб киген әйелді аяусыз ұрып кетті

Талқылау