Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ұялы телефонға ұқсайтын тапанша ойлап табылды

АҚШ-тың Миннесота штатындағы тапанша құрастырумен айналысатын компания бұл суық қарудың ерекше түрін ойлап тапты. Компанияның жаңа тапаншаларын бір қарағанда кәдімгі ұялы телефоннан айыру қиын.

33f3c9719840f6a6088ef77aeeb3b279__660x

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

“Қолайлы жасырылған” деген лақап атқа ие болған тапаншаның бұл түрі зауыттан шықпай жатып-ақ, сатып алушылардың басым бөлігінің назарын аударды.

Осы тапаншаны ойлап табушы өнертапқыш Кирк Кьелберг жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында, бұл идеяның неліктен келгенін түсіндірді. Сәйкесінше ұялы телефоннан аумайтын тапаншаны ұстаған адамдар, өзгелердің шошып кетуіне жол бермейді дейді.

“Бірде бір бала менің қалтамдағы тапаншаны байқап қойды да “Мама, бұл кісіде қару бар” деп айқай салды. Сол кезде мейрамханада отырған адамның бәрі маған тосын мінезбен қарап қалды”, – дейді ол.

Кьелберг қазір тапаншаны құрастыру жұмыстарын аяқтап қалд.ы Оның ұзындығы 12,7 см болса, ені 7,6 см. Нағыз Galaxy S7 телефоны секілді көрініс береді. Оның жұмыстары толыққанды осы жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде. Ал сатылымға қазан айында түспек. Аталған қаруды 395 АҚШ долларына сатып алуға болады.

Талқылау