АҚШ-та төрт жасар қыз жүйткіп бара жатқан автобустан құлап түсті (видео)
Арканзас штатында төрт жасар қыз жүйткіп келе жатқан автобустан құлап кетті. Оны қатарласа кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі құтқарып қалған.
Бұл туралы WBRC хабарлайды.
Ер адамның айтуынша, автобустың артқы есігі ашылып кетіп, қыз сыртқа құлап кеткен. Ол бірден көлігін тоқтатып қызға қарай көмекке ұмтылған. Қасына жеткен кезде қыз ес-түссіз жатыпты.
“Өз-өзіне келгеннен кейін ол жылап, анасын іздей бастады. Мен үшін бұл ауыр жағдай болды”, – дейді жүргізуші. Ол дереу жедел жәрдем шақырып, қызды алып ауруханаға кетеді.
Қыздың жақ сүйегі сынған екен. Оған шұғыл түрде операция жасалу қажет.
Оқи отырыңыз:
Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған
Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі