АҚШ-та салмағы 360 келі тартатын танымал балуан қайтыс болды
Артық салмаққа ие америкалық танымал балуандардың бірі Ларри Эванс Миссури штатында қайтыс болды.

Сурет әлеуметтік желіден алынды
Бұл туралы Метро хабарлайды.
Эванс екі жыл ішінде 70 келіге арығаннан кейін әлеуметтік желіде танымалдылық жинай бастаған еді. Ол өзінің жаттығу жоспарларымен, диета ұстау кестесімен бөлісіп отырды. Оның жаттығу жасап жатқан бейнежазбасы 30 мың көрілім жинаған.
Америкалықтың бапкері Крис Буфтың айтуынша Эванс семіздікпен күрескісі келген, және ол әрекетті өзінен бастаған. Әзірге оның өлімінің себебіне қатысты нақты ақпарат жоқ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан