Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та салмағы 250 келі тартатын жігіт өзгелерге ерекше үлгі бола білді (фото)

Әрбір адам бірнеше шақырымға жанын қинап жүгіре бермейді. Біреулер уақыт жетпейді десе, біреулердің тіпті спортпен айналысуға құлқы болмауы мүмкін. Салмағы 250 келіге жеткенше Дерек Митчелде де солай болған. Ол өз өмірін өзгертемін деп шешіп, мүлде басқа арнаға түсіп сала берді.

944

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Бес жыл бұрын Митчелге ағзадағы зат алмасуға кедергі келтіретін ісік бар деген диагноз қойылған. Бұл оның салмағының үнемі өсуіне әкеліп соқты. Ақырында ол спортпен айналысып, дұрыс тамақтану режиміне өтуді жөн деп тапты.

Қазір Деректің жасы 35-те, ал салмағы – 250 келі.

DerekMitchell02

Ол дәрігерлер берген дәрілерді қабылдап жүрген. Алайда 2014 жылы салмағы 280 келіге жеткен кезде ол өз өмірін өзгерту керек деген шешім қабылдайды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап ол газды сусындардан бас тартып, мейлінше пайдалы тамақтар мен сусындарды тұтына бастайды.

DerekMitchell05

Ол барынша тырысқанымен, салмағының кесірінен жәй жүретін.

“Бағдаршаммен әрлі-берлі өткенімнің өзі күніне жарты шақырым жүргенмен бірдей еді. Біртіндеп жылдам жүре бастадым. Әпкем дұрыс тамақтанудың жақсы екенін, ал физикалық жаттығулар жасаудың одан да пайдалы екенін айтты. Осылайша мен дистанциялық жүгіру курсына жазылдым”, – дейді ол.

DerekMitchell03

Бірінші жүгіруден кейін-ақ, ол жергілікті халық арасында танымал болып шыға келді. Ол наурыз айында болған жүгіру кезінде өте қатты сабырсызданған. Бірақ, оған өзге адамдар қолдау білдіріп, тіпті басқа қалалардағы марафондарға да шақыра бастаған. Тіпті оған кроссфит бойынша бапкер Чайз Найт та назар аударыпты.

DerekMitchell04

Өзінің қажыры мен төзімінің арқасында Митчел бесшақырымдық 20 айналымды жүгіріп өтіп, 30 келі тастайды. Осы жылы да ол осындай 7 жүгіру сайысына қатысып үлгерді.

Дерек Митчелдің жағдайы көптеген адамдарды тәнті етіп, өзге де артық салмақтағы адамдардың бойындағы сенімді оятты. Оның Фейсбуктағы парақшасына 21 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

DerekMitchell06

“Ең бастысы өз мақсатыңнан бас тартпау. Өзің діттеген жерге дейін жетуге тиіссің. Бірнеше күннен соң міндетті түрде қарқын арттырасың”, – дейді Дерек.

Талқылау