Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та мойнына «қарғы бау тағылған» қара нәсілді қыздың суреті дау туғызды

АҚШ-тың Массачусетс штаты Бриджуотер қаласындағы бастауыш мектеп қара нәсілді қыздың мойнына «қарғы бау таққаны» үшін даудың ортасында қалды.

Бұл туралы CBS хабарлады.

Даулы оқиға сабақтардың бірінде орын алған. Оқушылар XVII ғасырдағы америкалық пірәдәрлардың тұрмыс-тіршілігімен танысқан. Мұғалім мен оқушылар тақырыптық костюм киіп, суретке түскен. Суреттердің бірі әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін, ата-аналардың ызасын келтірген.

Әлеуметтік желіде жарияланған суретте мұғалім мен ақ нәсілді балалар қолына қарғы бау ұстап тұр. Ол тізерлеп отырған қара нәсілді қыздың мойнына тағылған.

«Егер бұл суретке қарасаңыз, бірден қандай ой келеді? Әрине, оның неге ұқсайтыны – өте жиіркенішті», – дейді ата-аналардың бірі.

Хабарланғандай, мектеп директоры орын алған жағдай үшін кешірім сұраған. Ол ешкімнің де намысына тигісі келмегенін түсіндірді. Айтуынша, қарғы баудың көмегімен бұрынырақта балаларды жүруге үйреткен арнайы «делбенің» қолданылуын көрсеткен.

Бұған дейін Dove  компаниясының өкілдері қара нәсілді «лас» әйел қатысқан жарнама үшін кешірім сұраған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Флоридалық мұғалім тақта алдында оқушы қызбен азғындық әрекет жасады деп айыпталуда

Әлемдегі ең қауіпсіз көлік түрі анықталды

АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық соққысына әзірленіп жатыр

АҚШ-та бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті

Талқылау