Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қолтырауынды асырап алған әйел оны еркіндікке жіберуден бас тартып отыр (фото)

Флорида штатының тұрғыны Мэри Торнның қолтырауынды үйде ұстауына жергілікті шенеуніктер қарсы болып отыр.

20160316163322

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жануарларды қорғау ұйымының пайымынша, Рэмбо есімді 55 келі аллигатор табиғи ортада кем дегенде бір гектар аумақта мекендеуі тиіс.

20160316163257

Ал оның иесі қойқаңның (аллигатор) ешкімді тістемейтінін, ым-ишаратты түсінетінін, үйде адамдармен және иттермен бірге өмір сүруге үйреніп кеткендігін және киім киіп жүруге дағдыланғандығын алға тартуда.

Жыртқыш жалғыз өмір сүре алмайды, дейді иесі. Бауырымен жорғалаушы тіпті байкер әйел Мэримен бірге мотоциклге мінеді.

Торн аллигаторды 11 жылдан бері бағып-қағып келеді. Қолтырауынды мектептерге, қайырымдылық шараларына қатыстыруға апарады.

20160316163318

Рэмбо далаға шықпайды, иесі «оның терісі күнге шыдамайды» дегенді айтады, сондықтан көшеге шығар алдында сезімтал терісін қорғау үшін оны арнайы киім киіндіреді.

Шенеуніктер Рэмбоны Тамптегі  Croc Encounters жабайы жануарлардың қорығына жіберуге ұсынып отыр. Croc Encounters  директоры Джо Панер егер Торн оларға қойқаңды берсе, оны өзге бауырымен жорғалаушылардан алшақ ұстап, күнге көп шығармау жөніндегі талапты сақтайтындықтарын айтуда.

Талқылау