Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қара нәсілді әйелдерді зорлаған полицей 263 жылға сотталды

АҚШ-тың Оклахома-Сити қаласында бірнеше әйелді зорлаған полиция қызметкері 263 жылға сотталды.

полиция

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

29 жастағы Дэниэл Хольтцклоу зорлау қылмысының бірнеше эпизоды бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сондай-ақ, тағы 18 эпизод бойынша тағылған айыптар дәлелденбеген.

Хольтцклоу – жартылай жапон, жартылай еуропалық. Тергеу барысында белгілі болғандай ол өзіне қарасты учаскені аралау барысында кездескен қара нәсілді қыздар мен әйелдерді бірнеше рет зорлаған.

Ал, қорғаушылар болса экс-полицейдің айыбы жоқ екенін айтып отыр. Олардың сөзінше, Хольтцклоудың үстінен арыз жазған әйелдер нашақорлар мен қылмыскерлер. Полицей оларға заң аясында ғана күш қолданған көрінеді.

Айта кетейік, соңғы кезде АҚШ-тың қара нәсілді тұрғындары полицияның үстінен жиі шағымданып жүр. Оған басты себеп – тәртіп сақшыларының жиі қару мен оларға қарсы күш қолдануы.

Талқылау