Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ит диабеттен зардап шегетін еркектің өмірін құтқарып қалды

Семіздіктен және екінші деңгейлі қант диабетінен қатты қиындық көрген америкалық Эрик О Грейдің оқиғасы интернетте әп-сәтте танымалдылық жинады. Ол емделу үшін әр ай сайын 1000 долларға жуық қаражат жұмсағанына қарамастан, дәрігерлер көңіл көншітерлік диагноз қоя алмаған.

34c84390e79fb8f490f49f06e596fb70__660x

Олар егер Эрик өзінің өмір сүру салтын өзгертпесе, организмі күн өткен сайын әлсіреп 5 жылға ғана жетер-жетпес ғұмыры қалады деп болжаған.

Сол кезде америкалық шу көтеріп өзінің таныс диетологына хабарласады. Диетолог оған диета ұстаумен қатар семіз ит асырауға кеңес береді. Эрик көп ойланып жатпастан жануарлар мекеніне барып ит асырап алады.

“Мен қызметкерлерге өзіммен ортақ тіл табысуы үшін жасы орта деңгейдегі семіздіктен зардап шегіп жүрген итті асырап алғым келетінін айттым. Итті мен пити деп атадым”, – дейді Эрик.

Эрик пен Пити күнделікті таңертең тұрып жүгіріп, қатаң диеталық тәртіпке отырады. Ит иесін әр таң сайын өзі оятып, жүгіруге итермелеп отырыпты.

84e54cfdca00d0352798cc566e3a3ab1__660x

“Біз бір-бірімізден ажырамастан берік байланысқа еніп кеттік. Менің өмірім жақсарды, енді дәрілерді де керек етпеймін, өйткені менде диабет жоқ. Бұл таңғажайып!”, – дейді таңқалған Эрик.

Дәрігерлер де, өмір сүру салтын ауыстырғаннан кейінгі Эрикті бойындағы пайда болған өзгеріске таңданыстарын жасыра алмаған.

Талқылау