Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі алғашқы ұшатын көлік сатылымға шығады: ол қандай (видео)

АҚШ өнертапқыштары бір минуттың ішінде ұшаққа айналатын автокөлік ойлап шығарды. Бұл тұлпар сағатына 100 миль (160 км) жылдамдықпен ұша алады. FLYING CAR автокөлігі АҚШ-та келесі қазан айынан бастап сатылымға шығады.

АҚШ-та бір минут ішінде ұшаққа айналатын көлік сатылымға шығады

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өндіруші Terrafugia компаниясы өкілінің айтуынша, көлік 400 мильге (640 км) дейін, әрі дегенде сағатына 100 миль жылдамдықпен жүре алады.

Мұндай көліктің қанша тұратыны белгісіз. Қытай Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жаңа модель қазан айында сатылымға шығады.

Автокөлік гибридті электр қозғалтқышпен, багаж сақтайтын кең орынмен, соңғы үлгідегі қауіпсіздік белбеулері мен жастықтарымен, орындықтарымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, автокөлікте камера мен жаңа парашют жүйесі орнатылған.

АҚШ-та бір минут ішінде ұшаққа айналатын көлік сатылымға шығады

Көліктің салмағы 590 келі болатын жиналмалы қанаты бар. Ол 3048 метр биіктікке дейін көтеріле алады.

Бір қызығы, TF-X көлігі ешқандай да әуежайды қажет етпейді. Ол кез келген жолда, автомагистральда жүре алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау