Бір-бірінен аумайтын егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді (фото)
АҚШ-та бір-бірінен аумайтын екі егіз жұптың үйлену тойы өтті. 32 жастағы Бриттан мен Брайан Дин 34 жастағы Джош пен Джереми Салистерге тұрмысқа шықты. Тіпті, салтанатты рәсімнің өзін егіз діндарлар жүргізген. Үйлену тойы АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қаласында болды, деп жазады Stan.kz.
Бұл қалада 1976 жылдан бері егіздер фестивалі ұйымдастырылып келеді. Егіз қыздар да ағайынды Салистермен сол фестивальде үстіміздегі жылдың тамыз айында танысқан. Олар бір-бірін көре сала ғашық болып қалған екен. Джереми Брайанмен көңіл қосса, Джош Бриттаниді сүйіп қалған.
«Біз тек егіздерге ғана үйленетінімізді білетінбіз. Немесе мүлде үйленбейміз деп жүрдік»- дейді Джош.
Сондай-ақ, апалы-сіңлілердің де арманы егіз жігіттерге күйеуге шығу болған.
Ағайынды жігіттер тұрмысқа шығу туралы ұсынысты да бір уақытта 2 ақпанда жасады. Олар 2.02-сін символды түрде екі жұптың қарым-қатынасын тағы бір рет атап өту үшін арнайы таңдаған.
Салистер енді бір шатырдың астында тұрып, балаларын бірг да бірге тәрбиелемекші.
«Біздің балаларымыз бір-біріне бөле, сондай-ақ бауыр, әпке, қарындас болады. Олар екі анасымен және екі әкесімен бірге өмір сүреді», – дейді Бриттани.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.