АҚШ-та үш қазақстандық азаматшаны 20 жылға соттауы мүмкін

ҚР СІМ үш қазақстандық азаматшаның АҚШ-та ұсталғанын растады.

АҚШ-та үш қазақстандық азаматшаны 20 жылға соттауы мүмкін

Дипломаттардың мәліметінше, екі бойжеткен қамауда. Ал, 48 жастағы әйелді денсаулығына байланысты қолхат жаздырып босатқан, деп жазады Sputnik.

«Нью-Йоркте ұсталғандар арасында үш қазақстандық азаматша бар. Олар 1994 жылы, 1991, 1970 жылы туған», – деді СІМ баспасөз қызметінде.

«Нью-Йорк штатының оңтүстік округі прокурорының арызы бойынша ұсталғандар 20 жылдан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін», – деді СІМ өкілі үкімет отырысында.

Нью-Йорктегі Қазақстан елшілігі Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау мен заңды қызметтер бойынша барлық елшілік қызметті көрсететіндеін айтты.

Тергеу мәліметінше, әр ұлттан құралған алаяқтар тобында қазақстандықтардан бөлек 7 ресейлік, 5 грузиялық, 4 әзірбайжандық және Латвия мен Украинаның екі азаматы бар. Олар жалған фирма құрып, көлік сату жөнінде жалған хабарландыу жазған. Сатып алушылар жарты ақшасын бергенде, сатушылар жасырынып отырған. Алаяқтар 4,5 млн доллар шығын келтірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар