АҚШ спортшылары Риода алған жүлделері үшін салық төлейді

Жұма, 19 Тамыз , 2016 16:23

Рио Олимпиадасында жеңіске жеткен және жүлде алған спортшыларға АҚШ-тың Олимпиада комитеті қомақты қаржы бөліп отыр. Сонымен қатар, спортшылар алған жүлдесі үшін салық төлейді.

1360_34904814471442_0
Бұл туралы Kazsport телеарнасы хабарлады.

Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, Америка құрамасы Олимпиаданың жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, америкалық спортшылар барлығы 93 медаль алды. Олардың 30-ы алтын, 32-сі күміс, 31-і қола медаль. «Алтын» үшін олимпиадашыларға 25 мың, «күміс» үшін 15 мың, «қола» үшін 10 мың доллар төленеді.

АҚШ-тың салық органдарының сөздерінше, аталған медальдарға салық салынады.

АҚШ-та салық салудың арнайы ережесі бар. Яғни, табысы неғұрлым көп азаматтар салықты да көп төлейді. Онда кіріс мөлшеріне байланысты салықтың 7 дәрежесі бар және салық ставкасы 10-нан 39,6 пайызға дейін жетеді.

Жалпы алғанда, АҚШ спортшыларының табыстары аса үлкен емес. Алайда, олардың арасында демеушілермен келісімшарт негізінде көп табыс табатын спортшылар да бар. Мысалы, гимнаст Александра Райсман Ralph Lauren және Reebok пен Pandora зергерлік компаниясымен бірден бірнеше келісімшарт жасаған.

Рио Олимпиадасында ол бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, 55 мың доллар табыс тапты. Оның 21,8 мыңы салыққа төленуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

Жапондық спортшы өзінің жыныс мүшесі жайлы айтқандарға ренішін білдірді

Қырғызстан допинг жанжалынан соң Риодағы жалғыз жүлдесінен айрылып қалды

Рио Олимпиадасының жеңімпазы бапкерін иығына отырғызып, жеңісін тойлады (фото)

Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін құтқарды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар