Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық соққысына әзірленіп жатыр

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ел халқын Солтүстік Кореяның ядролық соққысына дайын болуға шақырды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Директор Майк Помпеоның айтуынша, олар жойқын қаруды жетілдіру жолындағы жұмыстарын аяқтауға жақын. Американың барлау қызметі соққы жасар кез жақындап қалды дегенмен, әзірге оның қашанға жоспарланғанын дөп басып айта алмай отыр.

Осыған дейін Солтүстік Корея Сары теңізде бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатқан АҚШ пен Оңтүстік Кореяның кемелерін жермен жексен етем деп мәлімдеген еді. АҚШ-та қарап қалмайтындарын айтқан болатын. Оқу жаттығу аумағындағы атом кемелері кез-келген сәтте соққы жасауға сақадай сай тұр.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та бюджет тапшылығы 665,7 млрд долларға жетті

Небәрі 10 айлық сәбидің салмағы 9 жасар баланікімен бірдей

Америкалық әуе компаниясы алғаш рет тек әйелдерден құралған экипажбен ұшты

Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген

Талқылау