Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ санкциялық тізімге ВТБ-ның Қазақстандағы және өзге елдердегі еншілес компанияларын қосты

АҚШ Ресейге қатысты санкциялық тізімін кеңейтті. Оған ВТБ24, Сбербанктің «еншілестері», сонымен қатар «Яндекс.Деньги» енгізілді

vtb_bank140626

Бұл туралы Бұл туралы inform.kz  хабарлады.

Бұл тізімді кеңейту осыған дейін енгізілген санкцияларды тиімдірек ету үшін керек, деп түсіндірді Мәскеудегі АҚШ елшілігінде.

Американдық тізімдегі қаржы ұйымдарының ішінде ВТБ24, банк VTB Africa, ВТБ-ның в Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Белоруссия, Грузия, Сербия және Украинадағы «еншілестері», Сбербанктің Белорусь, Швейцария, Австрия және Украинадағы «еншілестері», «ВТБ Капитал Холдинг», «ВТБ Страхование» ЖШҚ, «ВТБ Лизинг» ААҚ, «Сбербанк. Автоматизированная система торгов» ЖАҚ, Сбербанктің мемлекеттік емес зейнетақы қоры, «Сбербанк Капитал» ЖШҚ, «Финансовая компания Сбербанка» ЖШҚ, «Сбербанк Страхование» ААҚ, «Сбербанк Лизинг» ЖАҚ, «Сбербанк Технологии» ЖАҚ, «Яндекс.Деньги» (бұл компанияда Сбербанкке 75% акция тиесілі) кездеседі.

Секторалдық тізімге сондай-ақ «Ростех» корпорациясының еншілес компаниялары, «Мәскеу механикалық эксперименталдық зауыт» ААҚ, «Швабе» холдингі, «Галс-Девелопмент» ЖАҚ, «Оборонпром» БӨК, «Рособоронэкспорт» ААҚ, «Біріктірілген жабдық құрылысының корпорациясы», «Вертолеты России» АҚ ілікті.

SDN тізіміне Генбанк, Инресбанк, Севастопольский морской банк, КБ «Верхневолжский», Крайинвестбанк, Мособлбанк енді. Сонымен қатар, «Ялтинская киностудия», «Авиа-Групп Терминал», санаторий «Нижняя Ореанда», «Массандра» мемлекеттік концерні, «Новый свет» шампан шарап комбинаты, бірнеше офшорлар кездеседі.

Алғашқы америкалық санкциялар Қырым референдумынан кейін 2014 жылдың наурызында енгізілді.

Талқылау