АҚШ президенті мектеп мұғалімдерін қарумен жарақтандыруды ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп мектеп мұғалімдерін қаруландыру ұсынды.

Ақ үй қожайыны мұны Флорида мектебіндегі тірі қалған оқушылармен кездесуінде айтты, деп хабалайды Астана.

Сондай-ақ Трамп қару ұстай алатын бұрынғы әскерилерді мектеп күзетшісі ретінде жалдауды ұсынды.  Дональд Трамп, АҚШ президенті: Мұғалімдер арнайы дайындықтан өтуші еді. Өйткені мектептерге шабуылдар бар болғаны 3 минутқа созылады. Ал полицейлер оқиға болған жерге 5-10 минутта ғана жетеді.

Айта кетейік, Америкада қару ұстауға Ата заңмен рұқсат етілген. Бірақ оған қатысты әрбір штаттың заңы бар. Үкімет қарумен жүруге болмайтын жерлерді белгілеген. Оның ішінде мектептер де бар. АҚШ-та қаруды емін-еркін ұстауға қарсы наразылық акциясы екінші аптаға жалғасты. Еске салайық, ақпанның 14-інде 19 жасар Николас Круз Флоридадағы мектептердің бірінде ойран салған еді. 17 оқушы қаза тапты. Кейін оның 18 жасқа толған соң қаруды заңды түрде сатып алғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер өзінің әулиелігі барын айтып сендірмек болған жеткіншектің өтірігін әшкерелеп берді

Жұртты мүшеқапсыз ләззат алуға шақырған президент елді дүрліктірді

Ұрық доноры болған ер адамның қызы 40 бауырын тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар