Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ елшісі Джордж Крол: Кешігу – бұл өте жақсы нәрсе, мен тез меңгеріп алдым

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол өзінің Қазақстанға деген құрметімен бөлісті. Ол демалыс күндері астаналық базарларға баратынын, онда жергілікті халықтың қандай үйреніп жатқанын және қонақтарын неліктен киіз үйде қабылдайтынын айтты.

d0596156e24d234682c0f694e409bd4d
Сурет esquire.kz сайтынан алынды
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Дәл қазіргі сәттегі күйіп тұрған тақырып, ол - доллар бағасының шарықтап, қазақстандықтардың тауарларды теңгемен бағалай бастауы болып тұр. "Мен өзім бұл жерде доллар туралы ойламаймын. Мен әр жексенбі сайын базарға шыққан кезімде, онда барлық бағалар теңгемен көрсетіліп тұрады. Мен Қазақстанның саясатын түсінемін. Бұл ел экономикасының бүгінгі көрінісі", - деді Джордж Крол екі тараптың дипломатиялық қарым-қатынасының басталғанына 25 жыл толуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында. Біздің елімізде тұрғанына аз мерзім болса да, дипломат жергілікті тұрғындардың кешігіп жүру әдетін жұқтырып үлгеріпті. "Мен нағыз қазақпын. Кешігу - бұл өте жақсы. Мен жақсы меңгеріп алдым. Бұл еркін халықтың бірден бір белгісі", - деп жымиды елші. Сосын дипломат құрметті қонақтарын киіз үйде қабылдағанды жөн көреді. Көрнекті киіз үй Астанадағы америка елшілігінің алаңында орналасқан. "Бұл Қазақстанның мәдениеті, бірлігі. Мен өз қонақтарымды әркез киіз үй ішінде қабылдағанды қалаймын. Тіпті менің дипломат достарым мені қызғанады. Бұл киіз үймен мақтанамын", - дейді ол. Айтпақшы, елші қазақша сөйлеуді де үйреніп қалғанын жеткізді.
Талқылау