Теңгенің тағы да құлдырауының себебі не

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 22:12

340-тың үстінде болған АҚШ валютасы небәрі бір күнде 358-ге бір-ақ өсті. Осылайша, ұлттық теңгеміз біраз тұрақтайды деген Данияр Ақышевтің болжамы орындалмай қалды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1453353434_valiuta_default

Айдың басында ғана бас банкир ақша бағамында айтарлықтай ауытқулар болмайды деп жұртты сендірген болатын. Алайда, төрағаның сөзі тура келмей, таң атысымен теңге 347-ге дейін төмендеп кетті. Ал күндізгі сессияда одан сайын әлсіреп, 1 доллардың құны 351 теңгеге көтерілген. Қазір ақша айырбастау орындары АҚШ валютасы 358 теңгеден сатылып жатыр.

Сарапшылар теңгенің кезекті құлдырауын қашанғыдай мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіруде. Яғни, халықаралық нарықта қара алтын 6 долларға арзандаған. Әйтсе де, мұнайы жоқ қырғыз сомы күшейіп тұр. 5 теңге 25 тиынға көтеріліп, ресей рублін өкшелеп келеді. Егерде қаржы нарығы осы қарқыннан айнымаса, доллар әлі де өседі деп болжайды мамандар.

“Теңгенің әрі қарайғы бағамы мұнай бағасына байланысты. Егер мұнай осы қарқынмен төмендей берсе, ізінше ұлттық валютамыз да арзандай беретін болады. Қазір бір нәрсені дөп басып айту қиын. Өйткені, нарық тұрақсыз, теңге де тұрақсыздық танытып тұр”, – дейді сарапшы Ғалым Құсайынов.


Жіберіп алмаңыздар:

Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 350 теңгеге жетті

Қыз пәктігі сатылымда: қазақстандық еркектер 5-7 мың доллар төлеуге дайын

Әлемдегі ең бай адамның дәулеті 89 млрд долларға жетті

Нұх пайғамбардың кемесін жасауға 100 миллион доллар кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар