Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсақал Төреғали Төреәлінің әнін орындап тойды жандырды (видео)

Желіде үлкен жастағы ақсақалдың той үстінде Төреғали Төреәлінің “Бол жанымда” әнін орындап тұрған видеосы жарық көрді.

Безымянный

Бейнежазбаны танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялаған.

Әнші атай, ырғақтан еш қалып кетпестен нақышына келтіре орындаған. Желі қолданушылары болса ақсақалдың өнеріне риза болысып, оң баға беріпті.

“Өнерге әркімнің де бар таласы деген”, “Жанды дауыста жақсы айтып шыққан”, “Атамыз мың жасасын” деп пікір білдіреді.

Алайда бір қолданушы “Аллаға қулшылығын жасап тыныш қана отыратын шағында мына қария не істеп жүр? Алла сана бермесе кісілерге ем қонбас” деп жазып кетіпті. Бұған өзге пайдаланушы “Неге олай дейсіз. Құлшылығын да жасасын, өлеңін де айтсын. Алла сыйлаған өнерін неге көрсетпеске. Ол қылмыс жасап жаткан жоқ қой” деп жауап қайырады.

Төреғалидың “атасын” тойда көрдік…

Видео опубликовано Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Оқи отырыңыз:

Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауап берді

Баян Есентаева желі қолданушыларымен әзілдесті (фото)

Араб әйелдерінің киімін киген Мәдина Сәдуақасова қатаң сынға ілікті (фото, видео)

Талқылау