Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті (видео)

Ғаламтордағы бейнежазбада су деңгейі автобус терезесіне дейін жеткені байқалады, адамдар іштегі жолаушыларды құтқарып жатыр.

2025172

Ақмола облысында еріген қар суы оқушылар мінген автобусты ағызып әкетті деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне. Жексенбі күні оқиғаның куәгерлері тасқын судың жолдан асып-тасып жатқаны түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын. Жазбада балалар мінген автобусты су ағызып, жолдан шығарып жіберген.

Кейінірек анықталғандай, оқиға 16 сәуір күні Сандықтау ауданында Атбасар-Көкшетау жолында Балкашино және Максимовка ауылдарының арасында болған.

10 бала және мұғалімдер мінген “ПАЗ” маркалы автобусы Державинск қаласынан Көкшетауға іс-шараға қатысуға кетіп бара жатады. Жолда тасқын су автобусты ағызып әкеткен, балалар зардап шеккен жоқ, оларды қауіпсіз жерге шығарып, мектепке орналастырды”, — деді полицияда. Бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қазақ емшісі медицинада емделмейтін обыр дертін шөптермен емдеп жазған

 

Талқылау