Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны бірнеше пәтерге ұрлыққа түсіп, азық-түлігін тонап кеткен

Бірнеше пәтерге ұрлыққа түсіп, азық-түлігін ұрлап кеткен ер адам өзінің мұндай әрекетке аштықтан барғанын айтады.

ab632e3db8d3f324461e51dec9ea5289

Сурет: womanest.ru 

Сот отырысында С. есімді азамат бірнеше күн ішінде заңсыз түрде 4 азаматтың үйіне кіріп азық-түлігін алып кеткені айтылды. Сотта жәбірленуші мен айыпталушы қылмыстық істің тоқтатылуы жөнінде өтініш білдірді. Олар айыпталушының келтірген зиянын өтегенін айтты.

«Сот шешімі бойынша С. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК «Ұрлау» бабы бойынша жүргізілген қылмыстық іс тоқтатылды. Айыпталушы «Татуласуына байланысты қылмыстық істен босатылу» бабына сәйкес аталған істен босатылды», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Талқылау