Ақмола облысының тұрғыны 107 жасқа толды

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 13:05

Ақмола облсысы Аршалы кентінің тұрғыны Палагея Антипова өзінің 107 жасын атап өтпек. Оның бүгінде бес немересі, тоғыз шөбересі және бес неменесі бар.

фото 331

Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мәлімдеді, деп хабарлады Stan.kz.

Аршалы ауданының басшылығы  Аршалы кентінің 107 жасқа толған тұрғыны, еңбек ардагері Палагея Антипованы құттықтап қайтты.

Ғасырды артқа тастаған кейуана Ресейдің Алтай өлкесіндегі Сыропятова елді-мекенінде дүниеге келген. Балалық шағынан қиындық көрген үйдің үлкені Қазан төңкерісі, Азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы жылдарында ата-анасына көмектесіп, өзінен кейінгі 11 іні-қарындастарын асырауға мәжбүр болыпты.  Ересектермен бірдей еңбектенуге туралы келді. Тұрмысқа ерте шықтым, төрт баланы өмірге әкелдім, – деп еске алды ол.

Жылдар өте келе оның жағдайы түзеліп, балалары ер жетіп ертеңгі күнге деген сенім пайда болады. Кеңес билігі қалыптасқан ұжымдастырудың ұртоқпағы артта қалды.

Алайда 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, жұбайы Ефим Антипов қызыл армия қатарына шақырылады. Басынан мұң кетпеген әйел қайтадан тұрмыстың ауыр қамытын арқалауға мәжбүр болады. Ұжым тірлігіне белсене кіріскен қайратты әйел тракторшылардың курсын оқып, колхоздың темір тұлпарын тізгіндейді. Екі бірдей ұлын соғысы жалмаған Палагеяның күйеуі майданнан еліне аман есен оралыпты. Алайда соғыстан кейінгі жылдар да оңайға соқпаған.

1949 жылы Пелагея Ивановна отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударады. Алдымен балабақшаға күтуші болып жұмысқа кірген ол кейін ауыл кеңесінде еден жуушы, одан соң жергілікті фельдшерлік пункттің тазалықшысы болып жұмыс істейді. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін балаларымен бірге бұрынғы Вишневка қазіргі Аршалы кентіне тұрақтаған. Қазір кейуана бес немере, тоғыз шөбере және бес немене сүйіп отырған ардақты ана.

Алғыс хатын, бір шоқ гүлі мен сыйлықтарды ұсынған аудан әкімі Азамат Тайжанов өз сөзінде «Біз сізді әрқашан құрмет тұтамыз. Сіздің ақылыңыз, төзімділігіңіз бен мақсатқа ұмтылушылығыңыз ұрпаққа үлгі болмақ. Сіздің бай өмірлік тәжірибеңіз өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал ететін болады», – деп қарияға ақжарма тілектерін арнады.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев ауырып ем алып жатыр

11 айлық баласын жаңғақпен ғана тамақтандырған америкалық сот алдына келді

Шымкент әкімі “Бәке, Сәке” деп түрлі өтініш айтып көмек сұрайтындардан шаршағанын айтты

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар