Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Шымкенттен табылды

Полиция қыздың неліктен ешкімге айтпай бөгде қалаға кетіп қалғанын анықтауда.

1142812

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ақмола облысында мектептен қайтып оралмаған 16 жасар оқушы қыз Оңтүстік Қазақстан облысында табылды деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Целиноградтық АІІБ-на 16 жасар оқушының ата-анасы арыз берген. 19 қаңтар күні 2000 жылы туылған қыздары таңертең мектепке кеткен соң қайта оралмапты.

Полиция іздеу жұмыстарын бірден бастап кетті, жоғалып кеткен қыз туралы бағыттамалар жан-жаққа жіберілді. Жедел қызметкерлер оқушының достары мен жақындарынан жауап алды. “Жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған қыз Шымкенттен табылды. Бастапқы мәлімет бойынша, оқушы 19 жастағы жігітімен кетіп қалған, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, — дейді агенттікке сұхбат беруші.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды

Шымкентте сәбиімен бірге жоғалып кеткен жас ана Алматыдан табылды

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Талқылау