Ақмола облысында шұжықтан уланған екі жасар қыз бала көз жұмды

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы жұқпалы аурухана бөлімінде көз жұмды. Осы отбасындағы тағы екі бала емделіп жатыр.

Ақмола облысында шұжықтан уланған екі жасар қыз бала көз жұмды

Қыз бала асқазан инфекциясымен 17 қазанда ауруханаға түскен. Екі күннен соң жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Көкшетаудан маман шақырылып, «Жіті ми қан айналымы бұзылысы, гастроэнтероколит ботаника түрі, ботулизм» диагнозын қойды. 20 қазан күні қыз бала шетінеп кетті.

17-18 қазанда осы отбасының тағы екі баласы ауруханаға түсті. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер балалардың улануына сауда үйінен алынған шұжық себеп болған деп жорамалдайды.

«Қазір үй ішінде бәрі тексерілді. Сауда үйінде де тексеру жүрді. Жақындары шұжықтың атауын білмегендіктен барлық шұжық тексерілуде», – деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сәбидің өліміне қатысты жоспардан тыс тексеру жүреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар