Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында овчарка полицейлерді есірткі сақталған үйге кіргізбей қойды

Ақмола облысы ауылының ерлі-зайыпты тұрғындарына қатысты есірткіні сақтап, билік өкілдеріне бағынбағыны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

1233195

Аршалы ауылына 10 қаңтарда полиция 60 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде санкциялық тінту жүргізу үшін келді. Алайда үй иесінің 59 жастағы жұбайы тәртіп сақшыларын үйге кіргізбей, неміс овчаркасын айдап салған.

Соған қарамастан, құқық қорғаушылар үйді тінтіп шыққан және бұл оқиға салдарынан овчарка да, полицейлер де зардап шеккен жоқ. Күдіктінің үйінен 7,8913 грамм героин және 547,767 грамм марихуана табылды.

Үй иесі бұл есірткілерді өз еркімен полицияға беріпті. Полиция күдіктіні ұстап, изоляторға қамады. Оған қарсы ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі басталды.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Сотталушы рақымшылықтан бас тартты

Талқылау