Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында оқушыны сабаған әкім тергеуге алынды

Ақмола облысында 8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалды. Ол А.Төлеубаев атындағы орта мектептің оқушысы Диас Мұқанды соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Facebook әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жықандығы туралы жазған болатын. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «миы шайқалған» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді.

Аталған жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды.

«Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергеу барысында Жанат Омаровтың əрекеттеріне құқықтық баға беріліп, жақын арада процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергелуі Ақмола облысы прокуратурасының бақылауына алынды», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Атырауда балықшылар аулаған балықтарының бәрін зейнеткерлерге таратып берді (видео)

Қазақ неге жеті атаға дейін қыз алыспайды?

Қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік ЖОО-лар тізімі белгілі болды

Атышулы Байзақова теріс жолға түсуінің себебін ашып айтты

Талқылау