Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында көршісінің ауласында ойнап жүрген 6 жасар қызды ит қауып өлтіре жаздады

Ақмола облысында 6 жасар қызды ит қауып алған. Ауруханаға жеткізілген Адинаның бүгінде жағдайы мәз емес.

Ақмола облысында көршісінің ауласында ойнап жүрген 6 жасар қызды ит қауып өлтіре жаздады

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға өткен аптада орын алған екен. Көршілерінің ауласында ойнап жүрген қызды сол үйдің иті қауып алыпты.

Қыздың анасының сөзінше, қызы ауруханаға жеткізілгенде терісі жырылып, бас сүйегі көрініп тұрған.

«Қайным алып келді қалаға. Бала есік алдында ойнап жүрген көршінің есік алдында. Айтуы бойынша, ит бос жатқан», – дейді Адинаның анасы Жұлдыз Уәлиева.

Бүгінде Адинаға тиісті ем-дом шарлараы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға қарсы дәрілер де берілген.

«Бала ауруханаға түскеннен кейін бірден қажетті шаралар жасалды. Дәрі егіп, жағдайын бақылаймыз. Тістеген ит қаңғыбас болса, оның құтыруға шалдыққан болуы әбден мүмкін. Ондай жағдайда емді жалғастырамыз. Ал, ит сау болса дәрі егуді тоқтатамыз», – дейді Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургі Денис Федоров.

Ал 6 жасар қызды қауып алған иттің ауру не сау екенді сараптама нәтижесінен белгілі болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау