Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі аптадан бері 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында 18 жастағы қыз жоғалып кетті.

“Назар аударыңыз! Барынша ақпаратты бөлісіңіздерші. Көмектеріңіз керек. Жоғалып кеткен 18 жастағы қыз әлі табылған жоқ. 18 сәуір күні дүкенге нан алуға кетіп, содан оралған жоқ. Бойы 170-175 см, арық денелі, шашы ұзын, қоңыр көзді. Қара сұр шалбар мен қою көк жемпір киген. Сыртында ақ күртешесі бар. Назиманы тапқанша іздеу жұмыстарын жүргіземіз. Назима жайлы, оның қайда екені жайлы шын ақпарат айтқандарға 1 млн теңге сыйақы төлейміз. Ақпарат айтқан адамның кім екенін жарияламауға уәде береміз”, – деп жазылған желіге тараған хабарламада.

Хабарламада Назиманың 2000 жылғы екені, қобалжыған кезде тұтығып сөйлейтіні жазылған.

Тағы да оқыңыз:

Астаналық дәрігерлер марганцовка ішіп қойған 3 жасар баланың өмірі үшін күресуде

Таразда сот төрешісі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Қарағанды облысында түрме басшысы сотталушылардың біріне екіншісін өлтіруге бұйрық берген деп айыпталуда

Талқылау