Ақмола лагерінде оқушы қыз абайсызда әйнекті сындырып алып қайтыс болды

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 13:23

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысының Бурабай ауданының Қатаркөл ауылындағы «Арман» сауықтыру лагерінде Тайынша қаласындағы мектептің 7 сынып оқушысы Анна Маликованың өмірден өтуіне байланысты қайғыға ортақтасып, көңіл айтады.

әйнек

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анна Маликова тұрмысы төмен отбасының балаларына арналған қордың есебінен жолдамамен лагерде демалып жатқан, оның анасы үш бала тәрбиелеп отыр, жұмыссыз.

2016 жылдың 15 маусымында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойнап жүріп, байқаусыз кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланады. 10 минут төңірегінде зардап шеккен қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді.

Өкінішке орай, жедел жәрдем қызметкерлері Аннаға көмек көрсетіп үлгермей, оның қайтыс болып кеткенін анықтады. Қыздың ата-анасына бірден хабар жеткізілді.

Облыстық әкімдік пен білім басқармасы маусымның 15-інен 16-сына қараған түні Тайынша ауданынан 11 психологтан құрылған топты ұйымдастырып, лагерь балалары мен кызметкерлерге психологиялық көмек жіберді.

Тайынша ауданында болған оқиғаға байланысты  ата-аналарға арналған сенім телефоны ұйымдастырылды. Тайынша қаласының №5 орта мектебінде 15 адамнан құрылған психилогиялық қолдау тобы ата-аналармен және қоғаммен жұмыс жасау үшін құрылды.

Ақмола облысының ішкі істер департаментінің жедел жәрдем тобы 16 маусымның кешінен бастап лагерде жұмыс істеп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Кәзіргі заманда бала шағаны көз алдымыздан шығаруға өз басым қорқам. Болмайтын жерден қайтып жатқан балдарды көріп жүрегім қан жылайды. Бұлда алланың беріп жатқан сыны шығар. Көнеміз төземіз.

  • Анонимно says:

    Басқа салмасын, әрбір ата анаға өз баласының қаншалықты қымбат. Қайырын берсін, арты жақсылық болсын.

  • Анонимно says:

    Ата-анасына куш жигер тилеймин.Жазым айтып келмейди сабырлы болыныздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар