Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім Тұмабаевтың қатысы бар авария: полицей жантүршігерлік ақпаратты айтып берді

2018 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстанда орын алған ЖКО жайлы жаңа жанжалды ақпараттар пайда болды. Бұл туралы Еуразия арнасы  хабарлайды.

19 жастағы баланы қағып өлтіргені үшін  Риддер қаласы  әкімінің орынбасары сот шешімімен  бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал оның жанында болған Өскемен қаласының әкімі аварияның куәгері ретінде түсінік берген болатын. Расында, сол күні кешкісін қандай оқиғанын орын алғанын жол патрулінің бұрынғы қызметкері айтып берді. Осы жол көлік оқиғасынан соң, оны әріптесімен бірге жұмыстан шығарып жіберген. Сонымен қатар,  аварияға қатысты  дүниені ешкімге  айтпауға бұйырған:

“Авария болған жерге келе жатқанымда, маған қарай BMW X5 көлігі жол ережелерін бұзып келе жатты. Оны тоқтату үшін соңынан бардым. Көлік тоқтамады”, — дейді Сымбат Қарақұлов

Полицей көліктің артынан  қуған соң, бірнеше минуттан кейін көлік тоқтайды. Полиция көлікте отырған азамат Өскемен қаласының әкімі деп ойламаған. Олардың сөзінше, жүргізуші қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартқан. Құжаттарды көрсетпеген, әрі мас болған. Жүргізушіге қатысты қандай да бір шара қолдануға ІІД жетекшісі кедергі келтірген:

“Маған Құрманбаев жалғыз өзі болды деген түсініктеме беруді талап етті. Біз бұйрықтарды орындаймыз, солай емес пе? Ол шенеунік болған соң, Риддер қаласының билігі оны осы оқиғаға қатысы бар деп тапқысы келмеді”,— дейді ол.

Сотта Тұмабаевтың авария кезінде көлікте болғаны расталды. Ал оның ЖКО орын алған жерден бірден кетіп қалуын қорғаушы жақ Қуат  Тұмабаев сол жерден өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін қуып жеткісі келді деп түсіндірді. Бірақ полицейлердің сөзінше, ол жерде ешқандай жедел жәрдем көлігі болған жоқ. Полиция қызметкерлерінің сөзі сотқа жеткен жоқ. Керісінше олар ЖКО қатысты құжатты дұрыс толтырмағандары үшін жұмыстарынан айырылған:

“Менің қызметім кезінде ЖКО орын алғаны үшін, мені жұмысқа сай болмағаным үшін жазалады. 8 маусымнан бастап  мені ішкі істер органындағы қызметімнен босатты. Ешкім кім кінәлі, кінәлі емес екенін анықтауға тырыспады. Жай ғана шығарып тастады”, — дейді полицияның бұрынғы қызметкері.

 

Талқылау