Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахмадиева әлде Есқалиева: 7 млн теңге кімнің шәкіртіне бұйырады?

Небәрі бір күннен кейін бүкіл ел Қазақстандағы X-Factor шоуының жетінші маусымында кімнің жеңіске жетіп, 7 миллион теңгенің кімге бұйыратынын білетін болады. Осыған дейін Қазақстанда алты маусымы дүркіреп өткен телевизиялық жоба өз көрермендерін тауып үлгерді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған өнерлі жастар бірнеше кезеңнен өтіп, ең үздік деп танылған екі қатысушы – Ділнәз Ахмадиева тәлімгерлік ететін Дильнура Біржанова мен Нағима Есқалиева жетекшілік етіп жүрген «IN CORO» квартеті күні ертең жобаның шарықтау шегі – гранд-финалда сайысқа түседі.

Ахмадиева әлде Есқалиева: 7 млн теңге кімнің шәкіртіне бұйырады?
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға бірнеше апта бойы тікелей эфирде өткен концерттерде өз дауысын беріп, финалға көрерменнің өзі жолдама берді.

“Менің тобымда жас қатысушылар. Жастар – біздің болашағымыз. Олар ерекше, олар басқа. Тек жастар ғана елімізді халықаралық деңгейде көрсете алады. Нағима Есқалиеваның да тобында жас жігіттер, алайда Қазақстандық шоу-бизнестің іздегені топ деп ойламаймын», – дейді Ділнәз Ахмадиева.

Әнші әрі тәлімгер InCoro-ны академиялық әртістер, сол себепті барлық жанрда өнер көрсете алмайды деп санайды. Ал солист Біржанова керісінше, Ділнәздің пікірінше – дайын әртіс. Еңбекқор, өте дарынды. Алайда Нағима Есқалиеваның ойы басқаша:

«InCoro тобының жігіттері өз істерінің мамандары.Төртеуінің де музыкалық білімі бар, дауыстары тамаша, түр-сымбаттары келіскен. Жігіттердің жасы 17 мен 20 арасында. Олар жас, күш-қуаттары тасыған, қазақстандық сахнаға дәл осындай білімді жастар қажет. Гранд-финалда қазақстандықтарды менің шәкіртіме дауыс беруге шақырамын».

Айта кетейік, жоба финалистері ертең, 29 желтоқсан күні тікелей эфирде бақ сынасады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау