Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды
Қостанайда әкесін өлтірген бойжеткен бір жылға шартты түрде сотталды.

Бойжеткен сот залынан босатылды. Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметінде мәлім етілгендей, бастапқыда сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы (Кісі өлімі) бойынша айыпталған. Бірақ, сот шешімімен қылмыстық іс ҚР ҚК 102-бабымен (Қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру) қаралды.
Сот жабық режимде өтті.
Оқиға 2018 жылғы 3 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған. Отбасылық ұрыс кезінде қызы әкесіне пышақ салған. Әкесі сол жерде көз жұмды.
Тағы оқыңыз:
Енесін өлтіріп сотталған: Әкімдіктегілер үш күн бойы көшеде түнеген әйелдің тағдырын баяндады
Аңқау елге арамза молда: Алматы облысында имам сотталды
Қайда баратынын айтпаған: Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан