Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесімен бір портретте: Мәди Рымбаев ағасы Әлиге ерекше сыйлық жасады (видео)

Бүгін елімізге белгілі әнші, музыкант Әли Оқаповтың туған күні. Өнер иесі 27 жасқа қадам басты. Күні кеше жақындары мен достары Әлиге тосын сый жасап, түнгі сағат 12-де құттықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әкесімен бір портретте: Мәди Рымбаев ағасы Әлиге ерекше сыйлық жасады (видео)

Інісі Мәди Рымбаев Әлиге ерекше сыйлық жасап қуантты. Ол Әли мен әкесі Тасқын Оқаповтың бір суретте бейнеленген портретін сыйға тартты. Мұны көрген Әлидің жүрегі елжіреп кетті. Портретке қарап біраз үнсіз тұрған ол кейіннен інісін құшақтап, оған алғысын білдірді.

Жантебірентерлік сәттің куәсі болған желі қолданушылары болса көздеріне жас алғандарын жазуда.

“Қандай тәрбиелі балалар, әрдайым осындай бауырмашыл болыңдар”, “Ең керемет сыйлық”, – деп жазды олар.

Туылган кyнiнмен ага

Публикация от Мади Рымбаев (@madirymbaev)

Еске сала кетейік, танымал музыкант, Роза Рымбаеваның күйеуі Тасқын Оқапов 1999 жылы мезгілсіз қайтыс болған. Өнер иесі ұйықтап жатқан жерінен мәңгілік сапарға аттанған. Ол кезде Роза Рымбаева екінші ұлына жүкті еді. Тасқын Оқапов екінші атұстары Мәдиді сол күйі көріп үлгермеген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау