Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі жетінші қабаттың терезесінен шығып, торда салбырап тұрған ұлын құтқарды (видео)

Қытайда ер адам жетінші қабаттың терезесінен шығып, төменгі қабатта салбырап құлайын деп тұрған ұлын құтқарды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әкесі жетінші қабаттың терезесінен шығып, торда салбырап тұрған баласын құтқарды (видео)

Оқиға Қытайдың Гуандун провинциясындағы Фошань қаласында болды. Сол күні жеті жасар бала үйде жалғыз өзі болған. Қонақ бөлмеден қандай да бір дауыс естіген ұйқылы ояу бала, үйге ұры кірді деп ойлаған. 7 жасар бүлдіршін олардан тонаушыдан болып, терезені ашып кондиционерге арналған антивандалды тор арқылы бір қабат төмен түскен.

Көп ұзамай анасы да қызын мектептен алып үйіне келді. Әйел терезенің сыртында тұрған ұлын көріп, бірден күйеуін және құтқарушыларды шақырды. Жұмыста болған әкесі он минуттың ішінде келіп, ешқандай сақтандырусыз торда салбырап тұрған баласын құтқару үшін терезеге шықты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ер адамға көмектесу үшін оған арқан лақтырды. Ол арқанмен баласын байлап, құтқарушылар баланы терезеден шығарғанға дейін оны өзі артында сақтандырып тұрды. Құтқарушылар баланы шығарғаннан кейін оның әкесіне де кері қайтуға көмектесті.

Өрт сөндірушілер қытайлық азаматтың батылдығын атап өтіп, бірақ мұндай жағдайларда өз өміріне қауіп төндірмей, құтқарушыларды күтуге кеңес берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау