Әкесі өзі 12 жыл бұрын өлтірген қызының мәйітін қапқа салып полицияға келді

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 17:39

Тайванда тұратын 43 жастағы Лин есімді ер адам полицияға 2005 жылы өлтірген өзінің жаңа туған қызының сүйегін алып келген. Қылмыс туралы айтып берген ер адам, өзі жасаған қанды әрекетті бұдан әрі жасырып ұстай алмағанын айтыпты.

Бұл туралы Daily Mail жазады.

Лин қызы бір айлық болған кезде оны өлтіріп тастапты. Ер адамның айтуынша, ол үнемі жылай бергендіктен кездейсоқ ұрып қалған. Қылмыстан кейін ол қызының денесін қапқа салып, кереуеттің астына жасырып қояды.

Әйелі Куоға баланы өзінің анасы алып кетті деп айтқан. Бір қызығы он екі жыл ішінде отбасы бірнеше рет пәтер ауыстырғанына қарамастан, Лин үнемі қызының мәйітін тастамай алып жүрген. Ал қыздың анасы болса қылмыс туралы мүлде білмегенін айтады.

Ол өз балаларын өлтіретін ата-аналар туралы репортаж көргеннен кейін, шыдамай полицияға беріледі. Бес жыл бұрын Линнің қызына іздеу жарияланған. Себебі оның жасы мектеп жасына толған, ал қыз ешбір оқу орнында есепте тұрмаған. Қазіргі таңда іс бойынша тексеру әлі жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда әртістер жаппай мақта теруге жіберілді (фото)

Дубайда бейтаныс еркектің санынан ұстап алған азамат сотталып кетті

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар