Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен әйелінен кетсе де, балаларын тастаған жоқ. Мен тастатқызбаймын

Ақбота Сейтмағамбет инстаграм желісіндегі тікелей эфирде сүйіктісіне балаларымен араласуға кедергі жасамайтынын айтты.

18812682_1920790264833345_2093861823123030016_n (1)

Сурет: Ақбота Сейтмағамбеттің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желідегі тікелей эфир кезінде әнші қасының табиғатынан қалың екенін айтып мақтанды. Мұнымен қатар, көңіліне жақпаса да, “Басқа күйеу таппадың ба? Біреудің отбасында нең бар? Саған бола үш баланы тастауға мәжбүр болды” деген сауалға жауап берді.

“Сіздерге осы нәрсені түсіндіріп көрейінші. Біріншіден, біреудің байын тартып алатындай ол маған ойыншық емес. Қазақта “әйелді тастау” деген сөз бар, бірақ “баланы тастау” деген сөз жоқ. Әйелін тастаса тастаған шығар, ал балаларын тастаған жоқ. Шынымды айтсам, балаларын тастатқызбаймын да. Сіздерді түсінбедім. Баланы тастау деген – сұмдық нәрсе ғой. Барлығы әркімнің ойлау қабілетін байланысты”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Мұнымен қатар, әнші баласының болашағына араласпайтынын айтты. Яғни оны қалаған саласына жіберуге әзір екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейтмағамбет: Көңіл дене мүшесі болмаса да, бәрінен қатты ауырады

Абай Бегей 92 жастағы анасына әлі күнге дейін еркелейтінін айтып қалды

KeshYou әншісі 500 мың теңгелік иіссуды көрсетіп жұртты таңқалдырды (фото)

Дана Кентай: Түркістанда қыздарға жігіттерге бірінші қоңырау шалуға тыйым салады

Талқылау