Ақбота Сейтмағамбет “баласын тастап, кинода жүр” деп сөккендерге жауап берді

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 10:26

Күні кеше Ақбота Сейтмағамбет телехикаяға түсіп жатқанын хабарлаған еді. Одан бөлек, КешYou-дің экс-солисі әншілігін де қайта қолға алатынын айтқан болатын. Бұл ретте желі оқырмандары сәбиі кішкентай бола тұра, түсірілім алаңынан шықпай жүрген Айдарқұловтың келіншегін сынап тастады.

20901888_1552401914817408_6159498550079127552_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Біреудің жеке өміріне араласып, ақыл айтатындарға Ақботаның берер өз жауабы бар.

“Түсірілім алаңында ботақаным менің қасымда! Ешқандай қосымша тамақ ішпейді. Өзім еміземін, күнделікті қасымда! Ешқайда тастап кеткен жоқпын! Аллаға шүкір, жақында 3 ай боламыз… Біз үшін уайымдаманыздар!” – деп жазды Ақбота желідегі парақшасында.

20968846_460577854311298_7687759282497912832_n

Бұдан кейін оқырмандардың пікірі 180 градусқа кері өзгерді. Көпшілік отбасы мен жұмысына бірдей үлгеріп жүрген Ақботаға “бәрекелді” деумен болды.

“Жарайсың, нағыз ана, мен де 5 айлық баламды еміземін”, “Бақытыңыз мәңгілік болсын, сіздер үшін қуаныштымыз”, “Жарайсың Боташка”, “Балаң аман болсын, байқа, ауырып қалмасын”, “Жарайсыз, жұмысыңыздың жемісін көріңіз, бірақ бала әлі кішкентай, әрі-бері жүріп, әбіржітіп алмайсыз ба?” – деп жазды оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)

“Ninety one” тобы өз тағдырларынан сыр шертетін бейнебаян түсірді (видео)

Серік Ибрагимов ұлының шілдеханасын дүркіретіп атап өтуде (фото)

Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар