Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет үлкен тойдың не себепті болмағанын түсіндірді

Ақбота Сейітмағамбет үлкен тойдың нақты қай күні болатынын айтпаса да, жоспарларында бар екенін айтып сендірді.

maxresdefault

Сурет: Youtube желісінен

Бұл туралы “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтты.

2016 жылдың қазан айында Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов шариғат бойынша некелерін қиған екен. Осыдан кейін құдалар өзара келісіп, кішігірім ұзату той жасаған. Бірақ, әлі күнге дейін жігіт жақ үлген той жасамаған екен. Мұның себебін Ақбота Сейітмағамбет түсіндірді.

“Дәуреннің маған дейін отбасы болғанын білесіздер. Сол себепті, жағдайымызға қарап, тойды шегере тұрдық. Бірінші жұбайынан туған үш баланың жағдайын ойладық. Халық бізді некелеспеді деп ойлап жүр. Ата-анамыз өзара келісіп, 2016 жылдың қазан айында шариғат бойынша некеміз қиылған болатын. Ал баламыздың атын жолдасым екеуіміз ойлана келе Ибраһим деп қойдық”, – дейді әнші.

Әнші осылайша тойдың нақты болатынын күнін айтпаса да, жоспарда бар екенін сөз етіп сендірді.


Жіберіп алмаңыз:

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді

Димаш MTV марапатын Айман Мұсаходжаеваға сыйлады

Талқылау