Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: Эстрадамызда өзін-өзі сататын әншілер көп

Бүгінде сахнаға ашық-шашық киініп шығатын әншілер көбейді. Олардың бірі бұл құбылысты заман талабына сай нәрсе деп түсіндірсе, екіншілері продюсерлерінің қойған талабын айтып ақталады. Алайда көбінесе эстрададағы аға буын және орта буын әншілері мұндайды жақтыра бермейді. Сахнаға жартылай жалаңаш күйде шығатын қыздарды Ақбота Керімбекова мен Айгүл Иманбаева да ұнатпайды.

керимбекова акбота

«Көбінесе орысша бағыттағы эстрада жұлдыздары ашық-шашық киінеді. Бірақ қазіргі қазақ жас қыздарының арасында да бар. Қазір біреудің пәленшесі, біреудің түгеншесі жартылай жалаңаш шығады, оны жасырмай-ақ қояйық, өзін өзі сататын әншілер көп бізде. Жалпы өнерде былғанып жатқан дүние жетерлік», – деді ашынған Керімбекова 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл мәселені айта-айта шаршаған Керімбекова осы жылдың басында Мәдениет және спорт министріне хат жолдаған болатын. Министр өз кеңесшілерімен ақылдаса отырып, тыйым жайлы заң жобасын әзірлеп, парламент қарауына ұсынған еді. Алайда бұл мәселе айтылған жерде қалып қойып, аяғына дейін шешілмеген ұқсайды.

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева да сахнаға шығу мәдениеті заңмен бекітілсе деген пікірде.

«Мемлекет тарапынан үкім шығып, заңға енсе, «өнер адамдары сахнаға осылай шығу керек» деп дөп басып айтылса, неге шықпасқа? Оның да өзінің бір сұлулығы бар. Орамалды да әдемілеп тағып, көйлекті де мың құбылтып жабық қылып киіп шығуға болады. Сахнаға ашық-шашық шығуға зәру болмасам, құштар болып тұрған мен жоқ. Әр адам өзінің жасына сай киініп шықса, оның өзінің бір сұлулығы бар», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева «Қашан сәби сүйесің?» дегендерге жауап берді

Диана Шарапова: Паранжа кигендерден құлдың балалары өсіп шығады

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

ШаҺизада Алматыдағы республика сарайы мекемесін сотқа бермек

Талқылау